11:00, 22 Тамыз 2018 | GMT +6
Азиада-2018: Қазақ балуандарының алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында бүгін балуандар бәсекесінің соңғы күні, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін боз кілемге грек-рим күресінен төрт салмақ дәрежесіндегі кіл мықтылар анықталады.
Осы орайда, қазақ балуандарының алғашқы айналымдағы қарсыластарын назарларыңызға ұсынамыз.
77 келі, 1/8 финал
Асхат Ділмұхамбетов - Манатад Джефферсон, Таиланд
87 келі, 1/8 финал
Азамат Құстыбаев - Рустам Ассакалов, Өзбекстан
97 келі, ширек финал
Ерұлан Ысқақов - Чо Хе Чул (Оңтүстік Корея)
130 келі, ширек финал
Нұрмахан Тінәлиев - Папанг Рамадани (Индонезия).
Еске сала кетсек, ерлер арасында грек-рим күресінің жарыстары 12.00-де басталады, финалы - 18:00-де.