Азиада-2018: Каратеші Дидар Әмірәлі финалға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында каратеші Дидар Әмірәлі финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін Азия ойындарында каратешілер додасы жалғасуда. 67 келіде сынға түскен Дидар Әмірәлі құрлық додасының финалына өтті.

Дидар Әмірәлі 1/16 финалда Бірікеен Араб Әмірліктерінің спортшысын ұтты.

1/8 финалда Таиланд өкілінен басым түсті.

Ширек финалда Шри-Ланка спортшысын тізе бүктірген Дидар жартылай финалда индонезиялық каратешіні жеңді.

Финалда Дидар кувейттік Әли Абдуәзизбен Азиада алтынын сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар