Азиада-2018: Грек-рим күресінен қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін Джакарта кілемінде грек-рим күресінің шеберлері кім мықтыны анықтайды. Сондай-ақ, әйелдер күресінен  екі салмақтағы жеңімпаздар да бүгін белгілі болмақ.

Қазақстандық бауандардың қарсыластары:

Әйелдер күресі

68 келі: Жәмила Бақбергенова - Аяна Гемпей  1/8 финал

76 келі: Эльмира Сыздықова - Жоу Хуан (Қытай) ширек финал

Грек-рим күресі

67 келі: Алмат Кебіспаев - Хунг Янгуа (Тайпей)

60 келі: Мейрамбек Айнағұлов - Дой Данг Тен (Вьетнам)

77 келі: Асхат Ділмұхамедов - Джефферсон Маната (Филиппин)

87 келі: Азамат Құстыбаев - Рустам Ассақалов (Өзбекстан)

Еске сала кетейік, еркін күрестен қазақ балуандары Азия ойындарын 1 күміс және 2 қоламен аяқтады.



Фото: olympic.kz

Соңғы жаңалықтар