Азиада-2018: Ескек есушілер ширек финалға шықты

None
None
АСТАНА. қазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында академиялық ескек есуден қазақстандық спортшылар ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей аталған спорт түрінен іріктеу кезеңінде 7-орын иеленген В. Яковлев ширек финалға жолдама алды.

Сондай-ақ, жекелей сында Александра Опачанова мәреге төртінші болып келді. Ол енді ширек финалда сынға түседі.

Шашков/Васильев жұбы іріктеу сынында 8-орыннан көрініп, ширек финалға өтті.

Соңғы жаңалықтар