Азиада-2018: Елдос Сметовты жарыстан кейін ауруханаға алып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовты жарыстан кейін ауруханаға алып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі қабарлауынша, дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Жакартада ауруханаға жеткізілді.

Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын.

Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.

«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдем ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.

Айта кетелік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.

Еске салайық, Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов жарысты жеңіспен бастаған еді. Дегенмен, екінші айналымда Солтүстік Корея спортшысынан ұтылды. 



ФОТО: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар