+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Азиада-2018: Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг жарысты жеңіспен бастады

2018 жылғы 29 тамыз 10:12
Бөлісіңіз:
Азиада-2018: Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг жарысты жеңіспен бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов пен Олимпиаданың қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Жакартадағы Азия ойындарында татами шеберлерінің додасы басталды.

60 келіде ел намысын қорғайтын Елдос Сметов алғашқы айналымда Индонезия балуанын жеңді. Ширек финалда Сметов Солтүстік Корея өкілі Ан Джи Юнгпен белдеседі.

Ал әйелдер арасынан 48 келіде бақ сынап жатқан балуан қыз Галбадрах Отгонцэцэг ширек финалда Солтүстік Корея спортшысын "ваззари" әдісімен жеңді. Жартылай финалда біздің дзюдошы жапониялық балуанға қарсы шығады.

66 келідегі Елдос Жұмақанов та турнирді сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда филиппиндік спортшыны жеңді. Ширек финалда Жұмақановты моңғолиялық спортшы күтуде.


ФОТО: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT