Азиада-2018: Джакартада Азия Олимпиада кеңесінің 71-ші отырысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, яғни 18 тамыз күні Индонезия астанасы Джакартада Азия Олимпиада кеңесінің 71-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, кеше Индонезия астанасы Джакартада Азия Олимпиада Кеңесі (АОК) Атқарушы комитетінің 71-ші отырысы өтті.

Аталған хабарламада көрсетілгендей, отырысты АОК президенті Шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах ашып, ол Индонезиядағы Азия ойындары соңғы рет 1962 жылы өткенін атап өткен. Сондай-ақ, Джакарта мен Палембангта бастау алған кезекті құрлық додасына қатысушылар санының көбейгенін қуанышпен хабарлады.

Ол сондай-ақ кейбір жарыс түрлерінен Оңтүстік және Солтүстік Кореяның біртұтас команда ретінде сынға түсетіні отырысқа жиналғандарды қуантып тастағанын да атап өтті.

Отырыс барысында Индонезия Олимпиада комитетінің, сонымен қатар, Ойынды Ұйымдастыру комитетінің президенті Эрик Тохир Азиада өткізу міндетін сеніп тапсырғаны үшін Шейхқа алғысын білдірді. Тохирдің айтуынша, мұндай спорттық дода болашақта бұдан да үлкен, көлемді жарыстарды өткізуге мұрындық болмақ.

Жиын барысында Азия аймағы бойынша АОК вице-президенттерінің есебі мен АОК халықаралық комиссиясы өкілдерінің баяндамасы тыңдалды.

Атқарушы комитеттің отырысында 2019 жылы Қытайдың Ханчжоу аймағында өтетін IX жазғы Азия ойындарына дайындық жайы да ортаға салынды. 

 

Соңғы жаңалықтар