Азиада-2018: Дмитрий Баландин не себепті көзіне жас алғанын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин 2018 жылғы Азия ойындарының нәтижесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен шын мәнінде ризамын. Әрине, өткен жылғы Азия ойындарымен салыстырғанда жүзеге аспай қалған ойларым болды, дегенмен, жанымда болған адамдар қандай қиындықтан өткенімді біледі. Өкінішке қарай, ойындардың алдында 2 жарақат алдым, сол себепті қатысуым екіталай еді. Бір кезде өзімді біршама жақсы сезіне бастадым. Нәтижесі белгілі: 3 медаль иелендік, командаға медаль алуға қол ұшымды созғаныма қуанамын», - деді Дмитрий Баландин.

Сондай-ақ, жүзгіш Азия ойындары кезінде неліктен көз жасына ерік бергенін айтты.

«Мен шынымен командамен бірігіп, жеңіске жеткім келді. Жалғыз өзім барлық медальдарды иеленгендіктен, осы жолы команда құрамында ойнап, жоғары нәтиже көрсеткенімізді қаладым. Осылайша, Қазақстандағы жүзу спортын, командалық жүзуді дамытып, жігіттерді қолынан бәрі келетініне сендіргім келді», - дейді спортшы.

Еске салайық, 2018 жылғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль иеленген еді. Биыл Қазақстан Азиада ойындарының қорытындысы бойынша, алғаш рет ТОП-5-ке енбей қалды. 

Соңғы жаңалықтар