Азиада-2018: Алтынға үміткер Елдос Сметов жүлдесіз қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов жарыста жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Джакартадағы Азия ойындарында татами шеберлерінің додасы басталған болатын.

Өкінішке қарай, алтынға басты үміткер саналған Елдос Сметов екінші айналымда ұтылып, жарысты жүлдесіз аяқтады.

2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Жакарта татамиінде алдымен индонезиялық балуанды «иппон» әдісімен жеңген болатын. Ал екінші айналымда Солтүстік Корея спортшысынан ұтылды.

Ал әйелдер арасынан сынға түсіп жатқан 48 келідегі Галбадрах Отцгонцэцэг ширек финалда Солтүстік Корея спортшысын «ваззари» әдісімен жеңді. Жартылай финалда біздің дзюдошы жапониялық балуанға қарсы шығады.

66 келідегі Елдос Жұмақанов да турнирді сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда филиппиндік спортшыны жеңді. Ширек финалда Жұмақановты моңғолиялық спортшы күтуде.


ФОТО: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар