Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандықтар жартылай финалды сәтті өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -   Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар академиялық есуден жартылай финалды сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін ерлер арасындағы жекелей сында Яковлев жартылай финалды 3-ші орынмен аяқтап, финалдық кезеңге өтті.

Әйелдер арасында Александра Опачанова 1-ші орынмен финалдық кезеңге жолдама алды.

С. Германович / В. Чепикова жұбы жартылай финалда 2-ші орыннан көрінді. Аталған спортшылар да финалда бақ сынайды.

Өкінішке қарай, Е. Васильев / А. Шашков жұбы 5-ші орында. Бұл нәтиже финалға өту үшін жеткілісіз болды.

Фото: olympic.kz

 

Соңғы жаңалықтар