Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылардың бәрі келесі кезеңге өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Палембангта өтіп жатқан Азия ойындарында  академиялық есуден қазақстандық спортшылардың барлығы келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспаөз қызметі мәлім еткендей, бүгін сынға түскен қазақстандық спортшылардың барлығы келесі кезеңге өтті.  Ерлер арасындағы жекелей сында Иван Эксузиди 6-шы орынды иеленді.

Ал әйелдер арасында Алина Мочула төртінші нәтижені көрсетіп, финалдық кезеңге өтті.

Виталий Васильев, Григорий Феклистов, Анастас Шашков және Евгений Тацей төрттігі 6-шы орыннан көрініп, олар да финалдық кезеңге өтті.

Мария Пойда, Александра Опачанова, Светлана Германович және Виктория Чепикова іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар