Азиада-2018: Әділ Қасқабай іріктеу кезеңінен аса алмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарынында суда жүзуден сынға түскен Әділ Қасқабай 50 метрге шалқалай жүзуде іріктеу кезеңінен өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, ол өз тобында жарысты бесінші болып аяқтады. Ал жалпы есепте 13-ші орыннан көрінді. Бұл көрсеткіш келесі кезеңге өтуге жеткіліксіз.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Азия ойындарының алғашқы күні қазақстандықтар бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар