Азиада-2017: Елена Коломина Қазақстан қоржынына екінші медальді салды

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шаңғышы аруымыз Елена Коломина Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Ол кеше шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында екінші орынды жеңіп алып, қазақстандық спортшылардан алғашқы болып, VІІІ қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанса, бүгін 10 шақырымды еркін жүгірістен қола медальді жеңіп алды.

Бүгінгі сайыста жүлдегерімізден бөлек Марина Матросова, Дарья Ряжко, Анжелика Тарасова сайысқа шықты. Алайда бұл спортшыларымызға жүлде бұйырмады.

 фото:Ізтұрған Алдауев

Соңғы жаңалықтар