Ажырасқан ерлі-зайыптылар қайтадан отбасы құруға асықпайды - маман

None
None
АҚТАУ.ҚазАқпарат – Қазақстан коммунистік халық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының қолдауымен «Қазіргі қоғамдағы отбасы» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маңғыстау әйелдер көшбасшылығы мектебі» Қоғамдық бірлестігі өткізген шараның мақсаты - қазіргі қоғамдағы отбасы мәселелерін талқылау. Жас отбасыларға неке мәселелерін шешуге көмектесу.

«Маңғыстау әйелдер көшбасшылығы мектебі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Роза Маханбетованың айтуынша, қазіргі қоғамдағы отбасы институты қолдау мен қорғауды қажет етеді. Себебі, бүгінде отбасы құндылықтары мен принциптері әлсіреген.

«Бүгінде жастар материалдық құндылықтарды жоғары қояды. Олар қоғамның ұяшығын құрудан гөрі ақша табуға көбірек қызығушылық танытады. Отбасылық қатынастардағы проблемалар ажырасуға әкеледі. Алайда, әр адам ерте ме, кеш пе, отбасы керек екенін түсінеді. Отбасының негізі - заңды некеге бекітілген жұп», - деді Роза Маханбетова.

Бірлестік төрайымы бүгінде жастар араында белең алған азаматтық неке тақырыбын көтерді.

«Елімізде ажырасу статистикасы жыл сайын артып келеді. Бірнеше жыл бірге және бақытты өмір сүргеннен кейін де ерлі-зайыптылар ажырасу туралы шешім қабылдайды. Салдарынан қаншама отбаының шаңырағы шайқалды. Балалардың психологиясы бұзылды. Ерлі-зайыптылар екі жаққа кеткеннен кейін өз бақытын тауып, қайтадан отбасы құруға асықпайды. Көбіне азаматтық некеде тұрады», -деді ол.

Авторы: Әсел Тұмашқызы


Соңғы жаңалықтар