Ажар Ғиният пандемиямен күреске қанша қаражат жұмсалғанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үш жылда коронвируспен күреске 894 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы пандемиямен күреске бджеттен 252 млрд теңге жұмсалды. Оның 28 млрд теңгесі дәрі-дәрмек, қорғаныш құралдарын, медициналық техникалар сатып алуға кетті. 197 млрд теңгесі дәрігерлердің жалақысына үстемақыға, түрлі мамандардың, әсіресе, СЭС-те жұмыс істейтін мамандардың іс-сапар шығындарына төленді. 20 млрд теңге халыққа көрсетілетін медициналық көмек ақысына Медициналық сақтандыру қоры арқылы шығындалды. Оның ішінде 5 млрд теңге Дүниежүзілік банкке жасанды тыныс алу аппараттары үшін берілді», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Министрдің дерегінше, 2021 жылы пандемиямен күреске 556 млрд теңге кетті.

«Өйткені, жыл бойы коронавирус инфекциясымен күрестік. Үш толқыны болды. 97 млрд теңге вакцина, шприц алуға, әртүрлі зертханалық зерттеулерге жұмсалды. 413 млрд теңге медицина қызметкерлеріне еңбекақы, үстемеақы төлеуге, іс-сапар шығындарын өтеуге кетті. 40 млрд теңге емдеу қызметіне қордан әрбір ауруханаға төленді. Биыл 86 млрд теңге қаралып отыр. Оның 9 млрд-ына жыл басында QazVac пен Vero Cell вакциналарын алған едік. 20 млрд-ы былтыр алған Pfizer ақшасын төледік», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар