Ажар Ғиният Медициналық-санитариялық алғашқы көмек секторындағы проблемаларды атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл соңына дейін 12 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба өткен жылдың ортасынан кейін қабылданған болатын. Ұлттық жобаның негізгі мақсаты - 2027 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру. Қолжетімді және сапалы денсаулық сақтауды қамтамасыз етудің кепілі - күшті және өзін-өзі қамтамасыз ететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметі екені белгілі. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек - бұл халыққа барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет», - деді министр.

Ажар Ғиният денсаулық сақтаудың осы секторындағы негізгі проблемалар ретінде емханалардың аздығын, материалдық-техникалық жарақтандырудың әлсіздігін, ғимараттардың қатты тозуы және кадрлармен қамтамасыз етудің төмендігін атады.

«Ұлттық жобаны іске асыру аясында біз медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін барынша мобилділік пен халықтың кең ауқымына қолжетімділік жағына қарай жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітіп, сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз тік және іске асырып жатырмыз. Қазіргі уақытта елде 5 мыңнан астам медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйым бар. Былтыр қосымша 30 медициналық нысан пайдалануға берілді. Биыл 92 нысан ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Оның 80-і ашылды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар