Ажар Ғиният МӘМС қорын министрліктен бөлуге қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2020 жылы құрылған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын министрлік құрамынан шығарып, бөлек ұйым ретінде қызмет етуіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде 3 млн адам МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесінде тіркелмеген, яғни сақтандырылмаған. Бірақ бұл ол адамдар медициналық көмексіз қалады деген сөз емес. Ол адамдардың тұрақты жұмысы жоқ немесе әлеуметтік тұрғыдан қорғаудағы адамдар. Сондықтан олар жүйеде тіркелмеген», - деді Ажар Ғиният тілшілердің сұрағына жауап бере тұрып.

Одан бөлек, министр МӘМС қорын денсаулық сақтау министрлігінен шығарып, бөлек ұйым ретінде құруға қатысты ойын ортаға салды.

«Қор онсыз да бөлек ұйым ретінде жұмыс істеп жатыр. Қазір қор қалыптасу үстінде. Соңғы уақытта МӘМС жүйесі аясында көрсетілетін медициналық көмектерге қатысты сұрақтар көп. Осыған орай бүгін жинақталған мәселелерді қарау үшін бас қосып отырмыз. Сондықтан МӘМС қорын министрліктен бөлек ұйым ретінде құрудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын», - дейді ол.

Бүгін елордада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қызметіне арналған дөңгелек үстел өтті.

Аталған шарада министр елімізде адам өлімінің 2021 жылмен салыстырғанда 5 пайыз азайғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, ведомство басшысы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған қазақстандықтарға 12 айлық жарна төленетіні туралы айтты.


Соңғы жаңалықтар