Ажар Ғиният қызылша ауруының таралуына қатысты пікір білдірді

None
Фото: iStock
АСТАНА. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде балалар арасында қызылша ауруының таралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі кезде балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайтыны белгілі. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден келгендер мен туристерден анықталды, яғни Түркиядан, Ресейден, Мысырдан келген адамдардан байқалды. Осының салдарынан балалар ауруды жұқтыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды, оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған», - деді А. Ғиният.

Осы орайда ол қазір қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларды вакциналау жүріп жатқанын айтты.

Сонымен қатар министр мектептерде карантин талаптарын енгізу қарастырылмағанын айтты. Қызылша ауруына қатысты қатаң шектеу енгізудің реті жоқ.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандықтарға қызылша дертін жұқтыру қаупі бар екені ескертілді.


Соңғы жаңалықтар