+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

2020 жылғы 26 маусым 14:24
Бөлісіңіз:
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Басы дауға қалған Алматы облысының бас санитарлық дәрігері халықтан кешірім сұрады Шымкентте марганцовка ішіп қойған 3 жасар бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалды Алексей Цой Алматы облысы бас санитарлық дәрігеріне қатысты тексеруді бастауды тапсырды

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін «МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994 жылдан 1999 жылға дейін — Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі.

1999-2001 жылдары — Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары — Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2005-2006 жылдары — Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры.

2017 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі таңға дейін ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT