Ажар Ғиният көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысқа қолдау білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшеде түкіруге тыйым салу керек деген ұсыныс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалай ойлайсыз, көшеде түкіруге тыйым салу керек пе? Мысалы Еуропада ондай проблема жоқ. Ал бізде аялдамалар мен қоғамдық орындарда түкіріктен аяқ алып жүру қиын», - деп сұрады журналист.

«Мен қолдаймын. Қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды толығымен қолдаймын... Бұл мәдениет, бұл гигинеға және тәрбиеге қайшы. Бәріміз бірге депутаттарға осындай бастама көтеруіміз керек», - деді министр.

Сондай-ақ, ол мұндай бастама заңға енбей тұрып әуелі қоғам арасында талқыл а нуы керектігін баса айтты.

«Тыйым салу деген сөз заң тұрғысынан алсақ, салдары жауапқа тарту мәселесін қозғауы мүмкін. Сондықтан әбден пісіріп, қоғам талқысынан өтк і зу керек деп ойлаймын»,- деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, елімізде 400-ден астам бала коронавируспен ауырып жатыр.

«Жыл басынан бері коронавируспен 6 мыңнан астам бала ауырды. Қазіргі таңда ауруханаларда 423 бала емделіп жатыр. Әрбір баланың денсаулығын министрліктің деңгейінде қарап отырамыз. Жедел штабымыз бар екенін, балалардың денсаулығы үнемі қаралып отыратынын айтқан болатынмын», - деді ведомство басшысы.



Фото: ortcom.kz








Соңғы жаңалықтар