Ажар Ғиният елордада маска режимі неліктен жалғасатынын түсіндірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елордада неліктен маска тағу режимі жалғасатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта ЖРВИ әлі де таралып жатыр. Бұл жағдай жыл сайын осы кезеңде болады. Оған қоса күн сайын елде коронавирус инфекциясының 100-ге жуық жағдайы тіркеледі, сондықтан ашық ауада маска тағу туралы талап алынып тасталса да, жабық жерлерде, соның ішінде кеңселерде маска тағу туралы шешім қабылданады. Бұл ауа арқылы жұғатын инфекциялық вирустық ауруларды көптеп тіркелгеніне байланысты», - деп жауап берді А. Ғиният орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілші сұрағына.

Оның айтуынша, бұрын да ЖРВИ таралуы кезеңінде негізінен денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында маска режимі қолданылған.

Ал қазір бұл режим алдағы мерекелік күндері КВИ жағдайларын көбейтпеу үшін сақталып отыр.

Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде бұл сақтық шаралары күшін жояды.

Айта кетейік, наурыз айында коронавируспен сырқаттану көрсеткіші 33 есе төмендеген. Қазір Қазақстан Республикасы мен бүкіл өңірлер жасыл аймақта орналасқан.


Соңғы жаңалықтар