Ажар Ғиният еліміздегі дәрі-дәрмек қорына қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда аумағында науқастарға керек дәрі-дәрмек жеткілікті. Бұл туралы Үкімет отырысында коронавирустың таралуына жол бермеу тақырыбын талқылау кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Науқастарға керек дәрі-дәрмек жеткілікті. Ауруханаларда дәрі-дәрмектің 16 атауы бойынша екі айлық қоры қамтамасыз етілді. Ал емханалар мен амбулаторияларда 1,3 млрд теңгеден астам сомаға дәрі сатып алынып, қор жасақталды. Бұл өз кезегінде 80 мың пациентке жеткілікті», - деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, қосымша бірыңғай дистрибьютор қоймаларына 4 млрд теңгеге дәрі-дәрмек алынды.

«Министрлік дәрі-дәрмек, вакцинамен қамтамасыз етуді тұрақты бақылауында ұстап отыр»,- деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «қызыл» аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне байланысты екі кезеңмен қабылданады.

Үкімет басшысы Әлихан Смайлов әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинациялау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.



Соңғы жаңалықтар