Ажар Ғиният: Елдегі эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлық деңгейде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық ахуалды қанағаттанарлық деңгейде деп бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавиурс инфекциясының тарау қарқыны бәсеңдегенін көріп отырсыздар. Тәулігіне 10-15 жағдай ғана тіркеліп отыр. Соның өзінде тәулігіне 15 мың ПТР-сынама зерттеліп жатыр. Осының 10-15-і ғана вирустың бар екенін көрсетуде. Бұл қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде екенін растап тұр. Бүгінде шынымен де індетті тарауы саябырси бастады. Осыған байланысты барлық дерлік шектеу шараларын алып тастағанымызды білесіздер. Сонда да адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес береміз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, әлемде эпидемиологиялық жағдай әлі қалыпқа түсе қоймаған.

«Қазір Қытайда «омикронмен» науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакцинация паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар