Ажал аузында жатқан Михаэль Шумахердің бойы 14 см қысқарған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеті дүркін «Формула-1» чемпионы Михаэль Шумахер соңғы күндерде өзін тағы да нашар сезініп, ауруханаға жеткізілген, қазір ол комада жатыр, деп хабарлайды БЕЛТА.

Швейцариядағы ауруханалардың бірінде оған 24 сағат бойы жасанды тыныс аппараты қосылған. Шумахердің отбасы БАҚ өкілдеріне тосқауыл қойып тастады, алайда кейбір мәліметтерден оның жағдайы нашарлай түскені белгілі болды. Отбасы мүшелерінің айтуынша, ол өмір үшін күресуге соңғы күшін жұмсап жатыр. Шумахердің бойы ауыр жарақаттан кейін 14 сантиметрге қысқарып (бұрын 174 болатын), 20 келіге арықтап кеткен. Қазір 48 жастағы автошабандоздың басында дәрігерлер тәулік бойы кезекшілік етуде. 

Соңғы жаңалықтар