USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Әзербайжанның үкімет басшысы Әлихан Смайыловты еліне шақырды

2022 жылғы 13 қаңтар 18:15
Бөлісіңіз:
Әзербайжанның үкімет басшысы Әлихан Смайыловты еліне шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Али Идаят оглы Асадовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Үкімет бәз біреулердің мүддесін көздейтін жекелеген топтардың емес, халықтың мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс - Тоқаев Премьер-Министр 40 млрд доллардың импортын алмастыру міндетті туралы айтты Әлихан Смайылов: Алдымызда тұрған ең маңызды мәселенің бірі – макроэкономикалық тұрақтылық

Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі А. Асадов Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. А. Асадов деструктивті күштердің агрессиясы салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты, сондай-ақ еліміз үшін осы қиын сәтте Қазақстан халқына деген қолдауын білдірді.

«Әзербайжан – Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Біздің елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог және екіжақты қарым-қатынастардың кең саласы бойынша жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылған. Біз өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге ниеттіміз», – деді Ә. Смайылов. АР Премьер-Министрі А. Асадов ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловты өзіне қолайлы уақытта Әзербайжанға келуге шақырды.

Әзербайжан – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $261 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен үш есе көп және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден едәуір артық.

Биыл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT