Әзербайжанның Конституциялық соты Ильхам Әлиевті президент ретінде бекітті

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан Конституциялық сотының пленумы 11 сәуірде кезектен тыс өткен президент сайлауын қорытындылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Әзербайжандағы меншікті тілшісі.

Сайлауда «Жаңа Әзербайжан» билеуші партиясының кандидаты Илхам Әлиев 86,02 % дауыс жинаған.

Елдің Конституциялық соты Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауы бойынша қорытынды хаттамасының нәтижелерін бекітуге шешім қабылдады.

Хаттамаға сәйкес, сайлаушылардың 74,30% қатысқан, 12,403 мың дауыс жарамсыз деп танылған.

Сайланған президентті ұлықтау рәсімі Конституциялық сот президент сайлауының қорытындылары ресми мәлім еткеннен кейін үш күннен соң өтеді.



Фото: vesti.az

Соңғы жаңалықтар