Әзербайжанның ауыр атлетика федерациясы толықтай қайта құрылады

None
None
БАКУ. Trend – ҚазАқпарат - Әзербайжанның ауыр атлетика федерациясы толықтай қайта құрылады. Осындай бұйрыққа жұма күні федерация президенті Джахангир Аскеров қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап.

Бұйрыққа сәйкес, федерацияның бас бапкері Асиф Мамедов пен бас хатшы Ризван Расулов қызметтерінен босатылды.

Мұндай шешім олардың өз қызметтерін ойдағыдай атқармауына байланысты қабылданған. Басшылықтың бірнеше рет жасаған ескертуіне қарамастан, қызметкерлер өз жұмысын дұрыс атқармаған.

Федерация қызметкерлерінің жауапсыздық танытуы, антидопинг ережелеріне бағынбауы салдарынан Халықаралық ауыр атлетика федерациясы айтарлықтай айыппұл санкцияларын салған.

Тек соңғы кезеңнің өзінде әзербайжандық ауыр атлеттер алты рет допинг пайдаланған.

«Қолданылған шаралар оң нәтиже берген жоқ. Осыған байланысты Ауыр атлетика федерациясын толықтай қайта құру туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер болашақта жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз», - деді Джахангир Аскеров.

Оның айтуынша, қыркүйектің соңына дейін федерацияның жаңа бапкері мен бас хатшы тағайындалады.


Соңғы жаңалықтар