Әзербайжанның арнайы қызметі Бакуде ұйымдастырылмақ болған терактінің алдын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жүргізген арнайы операция барысында Бакуде өтуі тиіс митинг барысында теракт ұйымдастырмақ болған топтың жолы кесілді. Бұл туралы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде айтылған, деп хабарлайды Тренд.

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері Әзербайжан мемлекетінің аумағынан тыс жерде әрекет ететін діни-экстремистік, террористік ұйымының бір топ адамдары Бакудің Гарагадак ауданының Локбатан ауылында орналасқан үйінде Әзербайжан азаматы Алекберов Бахтияр Мамедсадыг оглыны «әмір» етіп сайлап алғандығын анықтады.

Аталған топ мүшелері теракт ұйымдастыру үшін түрлі жарылғыш заттарды қолдан жасаған және оларды 22 қазан күні Локбатан ауылында сынақтан өткізген. Сонымен қатар, аталған топ мүшелері 28 қазанда Бакуде өтуі тиіс митинг барысында теракт ұйымдастыру жөнінде келісімге келген.

25 қазан күні Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жүргізген арнайы операция барысында қылмыстық топ мүшелері - Алекберов Бахтияр Мамедсадыг оглу, Масимли Анар Мехман оглу, Гусейнли Джавид Гусейн оглу қарулы қарсылық көрсетіп, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің арнайы тобы оларға қарсы ұйымдастырылған қарымта шаралар барысында қылмыскерлердің көзін жойды.

Соңғы жаңалықтар