Әзербайжанның 10 миллионыншы тұрғыны құрметіне Бакуде отшашу болды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанның 10 миллионыншы тұрғынының құрметіне 7 сәуірде Приморск ұлттық саябағында концерт өтті, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Баку тұрғындары мен қала қонақтары өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны қарап, керемет отшашуды тамашалады.

Күні бойы 10 миллионыншы тұрғынның дүниеге келуі құрметіне Бакудың бірқатар аудандарында ағаш отырғызу акциялары және концерттік бағдарламалар өтті.

Еске салайық, 2019 жылдың 6 сәуірінде Агдам ауданы Баш Гюнейпейе ауылында Оджагова Нигяр Черкез гызы мен Гасанов Рауф Юнис оглуның отбасында Әзербайжанның 10 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар