Әзербайжаннан Маңғыстау аймағына $25 мың жылқылары импортталған

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына қандай тауарлардың импортталатынын ҚазАқпарат тілшісіне облыстың Мемлекеттік кірістер департаментінің маманы Мақсат Ақмұратов айтып берді.

2017 жылдың қаңтарынан бастап импорт жеткізуші мемлекеттердің көшін Украина бастап тұр (3 млн доллардың тауары, бұл жалпы көлемнің 43,5 пайызы), Әзербайжан (2,3 млн доллар, 32,9 пайыз), Өзбекстан (1,3 млн доллар - 19,8 пайыз).

Украиналық тауарлардың арасында ең танымалдары ретінде сыр мен майды айтуға болады. Аталмыш азық түрлерінің жеткізілген көлемі 926 мың доллар. Ет пен тағам азықтары 801 мың, бидай, ұн, крахмалдан дайындалған өнімдердің көлемі 638,5 мың долларды құрайды.

Әзербайжаннан жеткізілген тауарлардың арасында ең қымбаты қара металдардан дайындалған құбырлар. Аталған материалдардың елімізге жеткізілген көлемінің құны 1 млн долларды құрайды. 759,9 мың доллардың геодезиялық және топографиялық құрылғылары жеткізілген. Қаптар мен заттар салатын қалталар үшінші орында тұр. Олардың құны 124,6 мың доллар болады.

Осы елден елімізге жеткізілетін ең ерекше «тауар» жылқылар болып отыр. Елімізге тасымалданған олардың көлемі 24,7 мың долларға жетеді және ол импортталған алманың құнынан екі есеге көп.

Өзбекстаннан негізінен этилен полимері мен тракторлар және сәбіз, қызылша мен асқабақ тасмалданады.

«Жалпы алғанда, ТМД елдерінен келетін (Еуразиялық экономикалық қоғамдастық ішіндегі сауданы есепке алмағанда) Маңғыстау облысындағы кеденде тіркелген тауар ағымы (Ішкі тұтынуға жіберу процедурасы бойынша) 7 млн АҚШ долларын құрады»,-деді Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Мақсат Ақмұратов.

Соңғы жаңалықтар