Әзербайжанға жарты тоннадан астам героин өткізбек болған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанға жарты тоннадан астам героин алып өтпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тренд агенттігіне сілтеме жасап.

Астара кеден басқармасының қызметкерлері жалпы салмағы жарты тоннадан асып жығылатын героин кіргізбек болған жүк көлігін ұстады. Машина Әзербайжанға Иран аумағынан келген.

Осы факті бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр.
null

Соңғы жаңалықтар