Әзербайжанға ресейлік Sputnik V вакцинасы жеткізілді

None
None
БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ - ҚазАқпарат – Бүгін Ресейден Әзербайжанға коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасының бірінші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

40 мың доза вакцина тиелген ұшақ Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайына қонды.

Ұшақты әуежайда Әзербайжан Сырты істер министрінің орынбасары Халаф Халафов, осы елдегі Ресей Елшісі Михаил Бочарников, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Виктор Гасымов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Айта кетейік, жақында Әзербайжанға коронавирусқа қарсы тағы 5 млн вакцина жеткізу жоспарланып отырғандығы хабарланған еді.

Әзербайжанда вакциналау 18 қаңтарда басталды. Әзербайжан – түрлі өндірістегі вакциналарды алуға мүмкіндік беретін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVAX бағдарламасының мүшесі. Елде 1 шілдеге дейін өзгеше карантиндік режим орнатылған.


Соңғы жаңалықтар