Әзербайжандық театр ұжымы Астанада спектакль қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжандық жас көрермендер мемлекеттік театры Астанада өткен «Сахнадан сәлем» атты V халықаралық театр фестиваліне қатысты, деп хабарлады Trend сайтына театрдың бапсасөз қызметі.



Фестиваль танымал театр және кино режиссері, КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтың 85 жылдығына арналды. Фестивальда әзербайжандық театр әртістері швециялық драматург Ларс Нуреннің «Mən gəldim qızlar» («Müharibə») спектаклін қойды.

Фестиваль аясында қойылған әрбір спектакльден соң әділқазылар алқасының мүшелері мен құрметті қонақтар оны талқыға салып, әртістерге ақыл-кеңестерін берді. «Mən gəldim qızlar» спектаклін әділқазылар алқасының мүшелері мен фестивальдің құрметті қонақтары жақсы бағалады. Фестивальда сонымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мен Қазақстан елдерінің әртістері де өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар