+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Әзербайжандық компаниялар «Ulttyq Onim-2020» көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр

2019 жылғы 28 қараша 20:08
Бөлісіңіз:
Әзербайжандық компаниялар «Ulttyq Onim-2020» көрмесіне қатысуды жоспарлап отыр

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжандық компаниялар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Ulttyq Onim-2020» ұлттық өнімдер көрмесіне қатысып, өздерінің экспорттық тауарларын ұсынбақ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық банктер өздерінің тәуекелдерін жабу үшін бюджеттен қаражат алмайды - Олег Смоляков Бәсекелі ортаға 650 млрд теңге бағыттадық – Есімов отандық өндірушілерді қолдау жайлы Бердібек Сапарбаев: Әкімдердің есебі құрғақ баяндама, бос уәдемен өтпеуі керек

Әзербайжанның экспорттық өнімдері ұсынылатын «Ultyq Onim-2020» көрмесіне қатысу ниетін Әзербайжанның Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігінің басқарма төрағасы Орхан Мамедов осы елдегі Қазақстанның елшісі Сержан Әбдікәрімовпен кездесу барысында растады.

Кездесу барысында өкілдер екіжақты тауар айналымының көрсеткішін атап өтті. Осы салада әлеуеті жоғары шағын және орта бизнестің ынтымақтастығын арттыру мәселелері талқыланды, сондай-ақ бірлесіп қызмет ету жоспары белгіленді.

Сонымен қатар дипломат шетелдік өкілді Қазақстанда 11 әуежайда «ашық аспан» режимінің енгізілгені туралы хабардар етті. Бұл тікелей және транзиттік жолаушылар ағынының өсуіне, сондай-ақ Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуға көмектеседі.

Кездесу соңында тараптар Орхан Мамедовтың биылғы жылдың мамыр айында Қазақстанға сапары барысында келіскен келісімдердің іске асырылу барысы, Қазақстан мен Әзірбайжан нарықтарында экспорттық өнімдерді арттыру мақсатында нақты іс-шаралар мен бірлескен жобалар туралы әңгіме қозғады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Өнеркәсіп, Экономика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT