Әзербайжандық дәрігер: Коронавирустан сақтанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Коронавирустан сақтанудың жалғыз жолы - вакцина салдыру. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Баку сауықтыру орталығының терапевт бөлімінің меңгерушісі, ішкі аурулар маманы Закир Гулиев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз күні бойы коронавирус жұқтырған 30-40 адаммен қарым-қатынас жасаған кездеріміз болды. Осыған қарай біз Әзербайжанға вакцина жеткізілгенге дейін әбден қиналдық. Өйткені менің денсаулығыма қауіп төніп тұрған еді. COVID-19-ға қарсы вакцина салдыру тығырықтан шығудың жалғыз жолы»,-дейді дәрігер.

Маманның сөзінше, оған вакцинаның бірінші дозасы 26 қаңтарда салынған, тағы бір доза 23 ақпанда салынбақ. Вакцинаның бірінші дозасы салынғаннан кейін екі күн бойы дәрігердің бұлшықеттері аздап ауырған. Дегенмен оның денсаулық жағдайы өте жақсы.

Маман қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан мекеменің қауіп тобындағы көптеген қызметкері вакцина алған. Олар алдымен екпе алудан біршама жүрексінген. Абырой болғанда вакцина салдырғандардың барлығының денсаулық жағдайы жақсы.

Закир Гулиевтің пікірінше, коронавирустан сақтанудың жалғыз жолы - вакцина салдыру.

«Менің қалың көпшілікке айтарым, алаңдауға еш негіз жоқ. Әзербайжанда қолданылып жатқан «CoronoVAC» вакцинасын Қытайдың «SinoVac» компаниясы жасап шығарған және ол көптеген сынақтардан өткізіліп, тиімділігі дәлелденген. Әр адам кезекпен вакцина салдыруы керек»,-дейді ішкі ауруларды емдейтін маман.

Ол сонымен қатар вакцинаның COVID-19 жаңа штамынан 100% қорғамаса да вакцина алғандарда ауру жеңіл өтетнін айтты.

«Ени клиника» мекемесінің дәрігер-лаборанты Нурали Исмаилов та вакцинаның бірінші дозасын алды және оның да денсаулық жағдайы жақсы.

«Вакцина вирустан сақтанудың жалғыз жолы, ол әуелден солай. Дәрігер ретінде барлығын вакцина алуға шақырамын, әсіресе қауіп тобындағы азаматтарды»,-деді Н.Исмаилов.

Айта кетейік, Әзербайжанда Мемлекеттік шекара қызметінің өкілдерін вакциналау жұмыстары басталды.


Серікбол Қошмағамбетов
Соңғы жаңалықтар