Әзербайжандық дәрігер COVID-19-ға қарсы екпеден кейінгі кеңестермен бөлісті

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Иммунизациядан кейін қандай ережерлерді ұстанып, денсаулықты қалай қорғау керектігі туралы кеңестермен Әзербайжанның Орталық кедендік госпиталі жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері Бейляр Иманов бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19-ға қарсы екпе егілгеннен кейін алдын алу шараларын сақтау керек, атап айтқанда, бұқаралық іс-шараларға бармай, гигиена талаптарын орындап, медициналық маска тағып жүру қажет», - дейді дәрігер.

Иманов екпе салынғаннан кейінгі алғашқы үш күн су процедураларынан бас тартқан жөн деген пікірде. Сонымен қоса денеге физикалық тұрғыда салмақ түсірмеу, алкогольді сусындардан міндетті түрде бас тарту керек.

«Вакцинациядан кейін тамақтануға мән берген дұрыс. D витаминінің жетіспеушілігін болдырмай, ақуызы көп ет, балық және жұмыртқа өнімдерін жеу керек», - дейді дәрігер.

Ал Әзірбайжанның Денсаулық сақтау министрлігінің бас инфекционисті Тейар Эйвазов инфекцияға әлсіз қарсылық жасайтын ағзаның вакцинация жасалғанына қарамай, коронавирус жұқтыру қаупі бар екенін айтты.

«Бұндай адамдарға вакцинация жүз пайыз әсер етпейді. Егер ағзадағы антиденелер аз болса, қайтадан вакцинация жасау керек», - деп санайды Тейар Эйвазов.

Еске сала кетейік, бүгін Әзербайжанда 1 млн 200 мың тұрғын вакцинация алған. Бұл елдегі әрбір оныншы адам коронавирустан қорғалған дегенді білдіреді. Тағы 285 мың адам коронавируспен ауырып, инфекциядан табиғи түрде қорғалған. Соған қарамастан жұқтырып жатқандар саны азаяр емес, күніне 2 мыңнан аса коронавирус жұқтырғандар, 30-дан аса адамның қайтыс болғаны тіркеліп жатыр.

Автор: С. Кошмағанбетов


Соңғы жаңалықтар