Әзербайжандағы сайлау жақсы деңгейде өткізілді - Берік Имашев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 сәуірде Баку қаласында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Әзербайжан Республикасының президент сайлауында ТМД бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындылары бойынша баспасөз конференциясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Миссия басшысы, ТМД Атқарушы комиссиясының төрағасы Сергей Лебедев 11 сәуірде болған мерзімнен тыс президент сайлауы бәсекелестік негізінде, еркін, ашық және Әзербайжанның Конституциясы мен Сайлау кодексіне сай өткенін айтты.

ҚР ОСК төрағасы Б.Имашев ТМД бақылаушылар миссиясы құрамында сайлауға 34 қазақстандық бақылаушы Әзербайжанның 5 аймағында жұмыс атқарғанын атап өтті.

«Ұйымдастырудың және сайлауды өткізудің жақсы деңгейін, аймақтық сайлау комиссия мүшелерінің жоғарғы біліктілігін және олардың өз елінің сайлау заңнамаларын білуін ерекше атап өтім келеді. IT-технологиялар мен техникалық құралдардың ішінде сайлау учаскелеріндегі маркерлеуді де атап өткен жөн.

Сайлауға қатысудың жоғарылығы халықтың электоралдық-құқықтық мәдениеті және ашық ерік білдіре алуға бүкіл жағдайдың жасалғанымен байланысты», - деді Берік Имашев.

Сондай-ақ, ол Әзербайжанның сайлау комиссиялары, оның ішінде төменгі деңгейдегі сайлаукомдардың, мүшелерінің кәсібилігін жоғарылату тәжірибесі назар аударып арнайы зерделенуі тиіс екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар