Әзербайжанда Жамбыл Жабаевқа арналған пошта маркасы шығарылды
2022 жылғы 5 наурыз 09:46

Әзербайжанда Жамбыл Жабаевқа арналған пошта маркасы шығарылды

БАКУ. ҚазАқпарат – Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры түркі халықтарының сан ғасырлық мәдениеті мен тарихын дәріптеу мақсатында «Үш Озан бірге» (озан – ақын-әнші) жаңа жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында түркі әлемінің үш ақыны – Жүніс Әміре, Ашық Алескер және Жамбыл Жабаевтың мерейтойына байланысты пошта маркалары шығарылды. Маркаларды Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрлігі жанындағы «Азерпост» ЖШҚ-мен бірлесіп айналымға енгізді.

Маркалар дизайнын әзербайжандық суретші Орхан Гараев жасаған, онда ақындардың портреттері бейнеленген.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT