Әзербайжанда мектеп опырыла құлап, 3 адам қаза тапты

Фото: None
БАКУ. ӘЗЕРТАДЖ - ҚазАқпарат - Наурыздың 31-і күні сағат 12.00-де Нахчыван Автономиялық Республикасының Бабек ауданына қарасты Неграм ауылында орта мектеп ғимаратының бір бөлігі қайта жөндеу жұмыстарынан кейін опырыла құлаған. Салдарынан Бабек аудандық бөлімінің үш жұмысшысы Мемлекеттік сәулет және құрылыс комитетінің үш жұмысшысы оқиға орнында көз жұмды. Ауыр жарақаттанған тағы біреуі ауруханаға жатқызылдығ деп хабарлайды ҚазАқпарат ӘЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазіргі уақытта Бабек облыстық прокуратурасының қызметкерлері оқыс оқиғаның мән-жайын тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Тергеу барысы туралы қосымша ақпарат берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар