Әзербайжанда лайлы жанартау атқылады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Бакуде Отман-Боздаг жанартауы атқылады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Баку және Апшерон түбегіндегі лайлы жанартау тобы мемлекеттік табиғи қорығының директоры Джейхун Пашаев мәлім етті, деп хабарлайды Trend.

Лайлы жанартау таңғы сағат 08.53-те, кейін 09-58 де атқылады. Қазіргі уақытта атқылау процесі жалғасуда. Жалынның биіктігі 200-300 метрді құрап отыр. Тау маңайында тереңдігі 40 метрге жететін жарықтар пайда болды.

Көлемі жөнінен әлемдегі екінші жанартау саналатын Отман-Боздагта соңғы рет лайдың атқылауы 2017 жылдың 6 ақпанында болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар