Әзербайжанда коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді

Фото: None
БАКУ. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Әзербайжанда коронавирус жұқтырудың 7704 жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы Әзербайжанның Министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб мәлімет таратты.

Ресми мәлімет бойынша, өткен тәулікте Әзербайжанда COVID-19 инфекциясынан 4109 науқас жазылып шықса, 23 науқас қайтыс болған.

Бүгінге дейін Әзербайжанда 691 180 адам коронавирус жұқтырып, 8 846 адам қайтыс болған. 641 538 адам жазылып шыққан. 40 796 адам ем алып жатыр.

Елде COVID-19 вирусын анықтау үшін 6 248 414 тест тапсырылған. Соңғы 24 сағаттың ішінде - 20 531 адамнан сынама алынған.

Бүгінгі таңда COVID-19-ға қарсы 186 279 доза вакцинасы салынған. 5 245 925 адам вакцинаның бірінші дозасын,4 750 763 адам екінші дозасын, 2 189 591 адам үшінші (бустерлік) дозасын алған.

Осының арқасында вирус жұқтырғандар саны өскеніне қарамастан, өлім жағдайы салыстырмалы түрде төмен деңгейде қалып отыр. Мамандар мұны науқастардың көпшілігі үйде емделетіндігімен және вирустың симптомсыз сипатта өтіп жатқанымен, пневмония түріндегі асқынулар сирек кездесетіндігімен байланыстырады.

Дегенмен дәрігерлер халықты сақтық шараларын сақтауға шақырып отыр.

4 ақпанда Әзербайжан Үкіметінің жедел штабы коронавирус жұқтырудың 7050 жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатын.

Серікбол Қошмағанбетов


Соңғы жаңалықтар