Әзербайжанда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді

None
None
БАКУ. TREND – ҚазАқпарат –Әзербайжан министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб коронавирус жұқтырған алғашқы жағдайдың анықталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат trend.az агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, инфекция жұқтырған – Ресей азаматы. Иран- Әзербайжан бағытында мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде одан коронавирустың алғашқы белгілері анықталған, осыған байланысты вирус жұқтырған азамат аурухананың арнайы инфекциялық бөліміне жатқызылды. Жүргізілген сынамалар мен тестердің қорытындысы оның вирусты жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты.

Сонымен қатар, вирустың таралуын және оның салдарын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдануда. Қажетті ақпаратты алу үшін пациентпен байланысқан адамдарды анықтау, оның вирусты қайдан жұқтырғанын, сондай-ақ таралу жолдарын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар