+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Әзербайжанда коронавирус салдарынан 20 шақты мектеп жабылды

2021 жылғы 22 қазан 17:14
Бөлісіңіз:
Әзербайжанда коронавирус салдарынан 20 шақты мектеп жабылды

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжанда дәстүрлі оқу басталғалы бері жалпы білім беретін 4432 оқу орнының 19-ы қашықтан оқуға көшті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әзербайжан білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта 433 сынып онлайн оқып жатыр, ал бұған дейін қашықтан білім беруге өткен 72 сынып дәстүрлі оқуын қайта жалғастырды.

«Қазіргі уақытқа дейін 1 595 108 оқушының 3 477-і және 229 871 мұғалім мен мектептің техникалық қызметкерінің 2 494-і (1%) COVID-19 жұқтырып алды», - делінген хабарламада.

Әзербайжанның білім министрлігі осы жағдайға байланысты ата-аналарды 12 жастан асқан балаларына екпе салдыртуға шақырды.

Министрлік жасөспірімдерді вакциналау Баку сауықтыру орталығында ата-аналардың рұқсатымен ғана жүргізіліп жатқанын еске салды.

Еске салайық, Әзербайжанда 22 қыркүйектен бастап 1-4 сыныптарға, 29 қыркүйектен бастап 5-11 сыныптарға дәстүрлі оқу басталды.

Білім мекемелерінде жұмыс істейтіндердің 80%-дан астамы COVID-19-ға қарсы толық вакцина алған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT