Әзербайжанда кезектен тыс Парламент сайлауы өтеді

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Милли Меджлистің V шақырылымын тарату жөніндегі өкімге қол қойып, кезектен тыс парламенттік сайлаудың датасын бекітті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Сайлау 2020 жылдың 9 ақпанына белгіленді. 4 желтоқсанда елдің Конституциялық соты Әзербайжан Республикасы Президентінің Парламентті тарату процедурасының ел Конституциясына сәйкес келуі туралы сұрауын тексеріп, ол бойынша оң қорытынды берді.

Еске салайық, 28 қарашада «Ени Әзербайжан» билік етуші партиясынан сайланған депутаттар Милли Меджлиске Парламентті таратып, кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдады. 2 желтоқсанда Милли Меджлис кезектен тыс сайлау өткізу өтінішіне байланысты мемлекет басшысына үндеу жолдау туралы қаулы қабылдады. Президент И.Әлиев оның Конституцияға сәйкес келуі бойынша Конституциялық кеңеске сұрау салды.

Авторы: Бекбау Тайманов

Соңғы жаңалықтар