Әзербайжанда Қазақстаннан келетін туристер саны екі есе артқан

None
БАКУ. ҚазАқпарат – Биыл 11 айдың ішінде 2,5 мың қазақстандық Әзербайжан еліне саяхаттап барған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Әзірбайжанның туризм туралы мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша еліміз Әзербайжанға саяхаттайтын туристердің саны бойынша 15 елдің ішінде 10 орынға тұрақтап отыр.

Биыл 11 айда аталған елге 135,370 отандасымыз барған. Аталған көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 54 %-ға артық.

Статистикаға сәйкес, Әзербайжанға туристер жиі саяхаттайтын ТОП-15 елдің рейтингісінде Қазақстанның үлесі 2 %. Бірінші орында 27,4%-бен Ресей тұр. Одан әрі Түркия және Иран жайғасқан. Олардың үлесі 19,4% және 10,8 % құрайды.

Әзербайжанның мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, биыл қаңтар-қазан айлары аралығында аталған елге 1,3 млн адам барды. Өткен жылға қарағанда 2,2 есе артық.

Айта кетейік, Әзербайжан биыл Парсы шығанағы елдерінің тұрғындары үшін туристік қызығушылық тудырды. Бұл аймақтан туристер ағыны 2,7 есе артып, өткен жылмен салыстырғанда 307,5 мың адамға жетті.

Сонымен қатар, ТМД елдерінен туристік ағын 2 есе (462,9 мың адамға дейін), ал Еуроодаққа мүше елдерден баратын туристер 2,3 есе (62,6 мың адамға дейін) өскен.

Туристік ағынның артуына қарамастан, Әзірбайжанның алдында пандемияға дейінгі деңгейге оралу міндеті тұр. Ақпаратта айтылғандай, аталған елде агро және экотуризм, сондай-ақ өңірлерде орналасқан креативті индустрия саласында үлкен әлеует бар.


Фото: www.avianews.com

Соңғы жаңалықтар