+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Әзербайжанда карантин шаралары жеңілдетілді

2021 жылғы 25 қыркүйек 13:06
Бөлісіңіз:
Әзербайжанда карантин шаралары жеңілдетілді

БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжанда вакцина алған азаматтар қатары көбейіп жатыр, сонымен қатар елде вирус жұқтыру қарқыны төмендеуде. Осыған байланысты Әзербайжанның министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб елдегі қатаң карантин режимін жеңілдету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай Коронавирус: Украинада қоғамдық көлік тоқтап, оқу орындары жабылды Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

Жедел штабтың қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 1 қазанынан бастап демалыс күндері қоғамдық транспорттың жұмысына қойылған шектеу алынып тасталады.

Одан бөлек, 1 қазаннан бастап мәдениет нысандарының, атап айтқанда концерт залдары, сонымен қатар конференц-залдар, кинотеатрлар мен театрлар жұмысы қайта жанданады. Алайда аталмыш залдарды тек 50%-ға дейін толтыруға рұқсат етілген. Жұмысын қайта жандандыратындар қатарында демалыс және ойын-сауық орталықтары, балалар ойын-сауық орталықтары бар.

Жұмыс істеуге рұқсат етілген нысандар 00:00-ге дейін қызмет көрсете алады. 18 жастан жоғары азаматтарға бұл жерлерге бару үшін COVID-паспорт немесе COVID-19-ға қарсы вакцина алуға болмайтыны жөнінде сертификат талап етіледі. Ал аталмыш жерлерде жұмыс істейтін мамандар мен жұмысшылардың 80%-да осындай құжат болуы керек.

Жедел штаб енгізген өзгерістер тұрақты рейстер жолаушыларына да қатысты. Мысалы, 1 қазаннан бастап елдің қалалары мен аудандары арасында теміржол және автокөлік транспорттарын пайдаланушылар COVID-паспорт көрсетуге міндетті. Алайда паспорт Баку мен Сумгайыт қалалары арасында, сонымен қатар Абшерон ауданының аумағында жолаушыларды тасымалдау кезінде сұралмайды. Такси қызметін пайдалану үшін де паспорт міндеттелмейді.

Атап өтейік, елдегі вакцина алған азаматтар саны 8 227 729-ға жетті. Олардың ішінде бірінші дозаны алғандар саны – 4 683 453, ал екінші дозаны алған азаматтар саны – 544 276.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT