Әзербайжанда карантин режимі жеңілдетілді

Фото: None
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Әзербайжанда коронавирусқа қарсы шектеулер жеңілдетілді, ал карантин режимі 1 мамырға дейін күшінде, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі ӘР Министрлер Кабинеті жанындағы Жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзербайжандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Жедел штаб 6 наурыздан бастап карантиндік режимді жұмсарту туралы шешім қабылдады. Осылайша той, аза тұту және діни іс-шараларды өткізуге шектеулер алынып тасталды, қоғамдық тамақтану орындарына, мәдениет пен кинотеатрларға келушілерді шектеусіз қабылдауға рұқсат етілді. Атап айтқанда, мемлекеттік органдарда азаматтарды топтық және жеке негізде қабылдауға рұқсат етіледі; діни ғұрыптық қызметтерді, сондай-ақ аза тұту рәсімдерін салтанатты залдарда және басқа да жабық үй-жайларда ұйымдастыру және өткізу. Жұртшылықтың қатысуымен өтетін барлық бұқаралық іс-шараларға қойылған шектеу алынып тасталды. Тамақтандыру объектілерінде кальян жабдықтарын пайдалануға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, жолаушыларды күтіп алу және шығарып салу үшін әуежай терминалдарына кіру тәртібі қалпына келтірілуде. Мәдениет нысандарына, кинотеатрларға, театрлар мен мәжіліс залдарына, демалыс және ойын-сауық орындарына, балалардың ойын-сауық орталықтарына кіруге уақыт пен адам санына қойылатын шектеулер жойылды. Қоғамдық тамақтандыру нысандарының түн ортасынан кейін жұмыс істеуіне салынған тыйым, бір үстелде бір уақытта алты адамнан аспауға қатысты шектеулер де алынып тасталды.

Бұл ретте бетперде режимі 1 мамырға дейін үй ішінде сақталады, адамдар көп жиналатын орындарға – сауда орталықтарына, ойын-сауық орындарына, ірі қоғамдық тамақтану орындарына, үйлену тойларына, діни храмдарға және т.б. кіруге тек вакцинацияны растайтын COVID паспорттарымен (екі дозада) рұқсат етіледі.

Дегенмен жүк көліктерін қоспағанда, елдің құрлықтағы шекаралары жабық күйінде қалып отыр. Жалпы, пандемия басталғалы Әзербайжанда коронавирус инфекциясының 789 332 жағдайы анықталып, 775 275 адам жазылды, 9 518 науқас қайтыс болды. Барлық кезеңде COVID-ға 6 599 806 тест тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар