Әзербайжанда карантин режимі мамыр айының соңына дейін сақталады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзербайжан Үкіметінің қасындағы жедел штабтың мәліметінше, елде карантиндік режим мамыр айының 31-іне дейін сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, жаңадан ауру анықталғандар мен жазылғандардың санын ескере отырып Баку, Сумгайыт, Гянджа, Лянкяран, Абшерон ауданы және тағы бірқатар өңірлерде кейбір шектеулерді кезең-кезеңімен жұмсарту жөнінде шешім қабылданды. Аталған жерлерде 4 мамырдан бастап мемлекеттік мекемелердің, сауда нысандарының, шаштараздардың, сән салондарының жұмысы жанданады.

Карантин кезінде елде қоғамдық орындарда, парктерде, қоғамдық тамақтану орындарында 10 адамнан көп шоғырлануға болмайды. Республикадағы барлық білім беру мекемелерінде жұмыстың тоқтауы 31 мамырға дейін созылады.


Соңғы жаңалықтар