Әзербайжанда Ираннан оралған үш адамнан коронавирус табылды

None
None
БАКУ. Trend – ҚазАқпарат – Ираннан оралған Әзербайжанның үш азаматынан COVİD-19 коронавирусы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Елдің Министрлер кабинетіндегі жедел штаб осындай мәлімет таратты.

Үшеудің біреуі - 1938 жылғы ер адам Ираннан келген соң біраз уақыттан кейін денсаулығының нашарлап кетуіне байланысты ауруханаға жүгінген. Тексеру кезінде одан пневмония табылып, зертхана сынамасы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын растады. Қазіргі уақытта сырқаттың жағдайы жақсарған.

Қалған екеуі 1993 және 1994 жылғы студенттер. Олар Иранның Гум қаласында оқиды. Иран-Әзербайжан шекарасынан өткен кезде олар карантинге жатқызылған. Олардан коронавирус инфекциясы табылды. Олардың жағдайы бірқалыпты, екеуінде де дене қызуы жоқ.

Жедел штабтың мәлімдеуінше, үш науқас ерекше режімдегі ауруханаға жатқызылған, оларды емдеуге қатысты тиісті шаралар қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар