Әзербайжанда халық санағы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы Әзербайжанда халық санағы өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Әзербайжанның Trend ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекеттік статистика комитеті аппаратының басшысы Джаббар Мусаев Түркия астанасы Анкарада өтіп жатқан Ислам ынтымақтастық ұйымының Статистика комиссиясының жетінші сессиясында Әзербайжанда халық санағын өткізу туралы мәлімдеді, - деп жазылған Trend ақпаратында.

Сессия барысында халық санағын жүргізу жұмыстары мен тұрғын үй қоры, демография мен миграция туралы ресми статистиканы жасау және тарату қызметін күшейту мәселелері талқыланған.

Соңғы жаңалықтар